Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция қызметкерлері экстази мен мефедрон сатушыны ұстады

Астанада полиция қызметкерлері экстази мен мефедрон сатушыны ұстады
Фото: Polisia.kz

Астанада экстази мен мефедрон сатушы ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға 26 жастағы азаматтың есірткі таратумен айналысуы мүмкін екені туралы хабарлама келіп түсті. "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Нажмиденов көшесіндегі көпқабатты үйдің жанында күдіктіні ұстады. Пәтеріне тінту жүргізу барысында жасыл түсті таблетка тәрізді заттар салынған 314-тен астам орама мен ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған пакетті тапты. Сараптама нәтижесі тәркіленген заттардың құрамында "экстази" атауымен танымал MDMA және меткатинон — мефедрон бар екенін көрсетті.

Белгілі болғандай күдікті өз қызметін интернет-дүкендердің бірі арқылы жүзеге асырған. Ол үйлестірушінің нұсқауы бойынша тауарды алып, таратумен айналысқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіні медициналық куәландыру барысында есірткі қолданғаны анықталып, ол сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 10 тәулікке арнайы қабылдағышқа қамалды. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін ол тергеу аяқталғанша уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады. Полиция азаматтарды синтетикалық және өзге де есірткі мен психотроптық заттарды жасырып қою арқылы тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті