Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды

БҚО-да есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды
Фото: Polisia.kz

БҚО-да есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру фактісі анықталды. Бәйтерек ауданының елді мекендерінің бірінде 49 жастағы ер адам өз үйінің ауласында есірткі өсімдіктерін өсіріп келген.

Тінту кезінде оның ауласынан жалпы көлемі 450 шаршы метр болатын, көлеңке түсіретін тормен жабылған және автоматты суару жүйесімен жабдықталған жасырын жылыжай табылды. Аталған жылыжайда қарасора тұқымдас өсімдіктерді өсіру жүзеге асырылған. Тергеу барысында, құрамында есiрткi заттары бар 47 түп өсiмдiктер тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол осы жылдың көктемінде тұқымды сатып алып, сәуір айынан бастап өсірумен айналысқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарға есірткі шөптерін заңсыз өсіру үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді