Павлодар облысында ауыл тұрғынының өз үйінде қарасора өсіргені анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аққулы ауданының 46 жастағы тұрғыны заңсыз түрде жабайы қарасора өсіруді ұйымдастырған. Тұрғылықты жерін тінту барысында бөлмеде өсіру белгілері бар қарасора бұталары табылды. Ер адам қарасора өсіргенін, содан кейін алынған егіннен жеке пайдалануға арналған есірткі жасағанын түсіндірді. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, заңсыз айналымнан алынған каннабис тектес өсімдіктердің жалпы салмағы 3 келіден асты. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Павлодар облысы полиция департаменті тұрғындарға есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында сақ болуды, жеке қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуді және құқық қорғау органдарына уақытылы хабарласуды ескертеді.Кеше, 13:06
Павлодар облысында ауыл тұрғыны өз үйінде қарасора өсірген

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз