Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да жыл басынан бері есірткі сатты деген күдікпен 15 азамат құрықталды

СҚО-да жыл басынан бері есірткі сатты деген күдікпен 15 азамат құрықталды
Фото: Polisia.kz

СҚО-да жыл басынан бері есірткі сатты деген күдікпен 15 азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ұстау кезінде одан мефедрон мен α-PvP салынған 3 ірі және 2 кіші орама тәркіленді. Бұдан бөлек, тұрғылықты жерінен құрамында α-PvP бар үш зип пакет (екі грамм) табылды. Алынған "синтетиканың" жалпы салмағы 227 грамды құрады. Медициналық куәландыру оның психостимуляторлар қолданғанын көрсетті. Күдікті тыйым салынған заттарды пайдаланатынын мойындады. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының деректеріне сәйкес, есірткі сатты деген күдікпен ұсталғандардың жартысы – өздері есірткі қолданады.

Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен 29 адам ұсталды, оның 15-і есірткіге тәуелді. Полицейлер жастарға "бір рет татып көр" дейтін таныстарынан аулақ жүру қажет екенін еске салады. Мұндай қызығушылық қылмыстық әрекетке әуестенуге, ұзақ уақыт бас бостандығынан айырылуға алып келуі мүмкін. Есірткі қылмысына қарсы күрес — "Заң және Тәртіп" қағидасын іске асырудағы ең өзекті бағыттардың бірі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті