Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан» эконауқаны Алматыда жастардың белсенділігін арттырып келеді

«Таза Қазақстан» эконауқаны Алматыда жастардың белсенділігін арттырып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын жүзеге асыруға арналған алқалы жиын өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте атқарылған жұмыстардың нәтижесі сараланып, алдағы басым бағыттар мен тұрғындарды табиғатты қорғау шараларына тартудың тың жолдары сөз болды.
 Әсіресе, жас буынның қатысуына ерекше назар аударылды. «Жасыл ел» бағдарламасының аясында бүгінде екі мыңнан астам алматылық жас тазалық жұмыстарында, ағартушылық іс-шараларда белсенділік танытып отыр. Қаланың түкпір-түкпіріндегі комьюнити-орталықтар шағын экохабтарға айналып, жастар арасында табиғатты аялай білуді, ресурстарды ұқыпты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға мұрындық болып отыр. Науқан басталғалы бері 170-тен аса іс-шара ұйымдастырылды. TazaQazBot платформасы арқылы келіп түскен 305 өтініштің дені оң шешімін тапты. Қала аумағын санитарлық тазалау, қалдық шығару және жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді, - делінген хабарламада.

«Таза Қазақстан» — бір реттік акция емес, жаңа қала мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс», - деп шаһар басшысы бұл бастаманың маңызын атады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді