Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматыда көгалдандыру және абаттандыру бойынша бірыңғай орталық құруды тапсырды

Дархан Сатыбалды Алматыда көгалдандыру және абаттандыру бойынша бірыңғай орталық құруды тапсырды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясының жүзеге асырылу барысына арналған жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі экология мен абаттандыру мәселесіне жүйелі түрде қараудың маңызын атады. Осыған орай, қала аумағын көгалдандырумен, санитарлық тазалықпен және жайлы қалалық ортаны қалыптастырумен айналысатын жаңа арнайы кәсіпорын құру тапсырылды.

«Бұл құрылым тек көгалдандыру мен абаттандыруға, қалада жайлы орта құруға жауапты болуға тиіс. Олар өздері жергілікті жерлерге шығып, жағдайды жақсартуға болатын аумақтарды анықтауы қажет», — деді Дархан Сатыбалды.

Кеңесте «Таза Қазақстан» акциясының аралық қорытындысы да қаралды. Үшінші тоқсан басталғалы бері Алматыда 3 мыңнан астам адамның қатысуымен 30-ға жуық іс-шара өткізілді.

Тұрғындармен байланыстың тиімді құралы ретінде TazaQazBot цифрлық платформасы жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан бері осы бот арқылы тұрғындардан 4 мыңнан астам өтініш түскен.

Талқылау барысында қаланың жасыл қорын күтіп-баптау жайы да сөз болды. Түгендеу кезінде 16 мыңнан астам қураған және апатты жағдайдағы ағаш анықталып, олардың 5 мыңнан астамы кесілді. Сонымен қатар санитарлық мақсатта бұтақтарын кесу, бұта отырғызу және буферлік жасыл аймақтарды абаттандыру жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.

Басты мәселенің бірі — автоматты суару жүйелерінің жұмысқа жарамдылығы. Мониторинг барысында 56 учаскеде ақаулар анықталып, бұл көпжылдық жасыл желектердің жағдайына тікелей әсер етіп отыр. Осыған байланысты әкім жүйелердің үздіксіз жұмысын бақылауды күшейтіп, жасыл аймақтарды сапалы күтіп-баптауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша шаһар басшысы бекітілген жоспарға сәйкес іс-шараларды бұлжытпай орындау, тұрғындардың экологиялық сауатын арттыру бағытындағы жұмысты жандандыру және кәсіпорындар мен ұйымдардың, қала тұрғындарының көптеп қатысуымен сенбіліктерді жүйелі түрде өткізу сынды бірнеше нақты тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті