Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада балаларға арналған жаңа ойын алаңы мен скейт-саябақ ашылды

Астанада балаларға арналған жаңа ойын алаңы мен скейт-саябақ ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласындағы Ы.Дүкенұлы көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан жаңа балалар ойын алаңы мен скейт-саябақ қала тұрғындарының үлкен қуанышына айналды. Қоғамдық кеңістікте бой көтерген бұл нысан – тек ойын алаңы ғана емес, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жарқын, қауіпсіз және заманауи ортаның үлгісі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алаңда скейт-саябақ пен түрлі ойын кешендерімен қатар, балалар мен ересектердің дене шынықтыруын дамытатын спорттық құрылғылар да орнатылған. Бұл – салауатты өмір салтын бала жастан қалыптастыру мен қала тұрғындары арасында кеңінен насихаттауға бағытталған нақты қадам.Аудан тұрғыны Сәрсенбай Әбіл өз ризашылығын былай жеткізді: «Балаларға арналған жаңа ойын алаңы – көздің жауын алатын көркем туындыға айналыпты. Бұған дейін де бұл жерде ойын алаңы болған десек те, дәл осындай тартымды, заманауи кейіпке енбеген еді. Қала және аудан әкімдіктеріне зор алғысымызды білдіреміз. Жөндеу жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, балаларға қуаныш сыйлағандарыңыз – шынайы жанашырлықтың көрінісі. Мұндай игі іс – өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың нақты белгісі деп білеміз. Барша жауапты мекемелерге мың алғыс!» – деді.

Мұнда балаларды жарақаттан қорғайтын қауіпсіз жұмсақ төсеніш төселіп, кең заманауи скейт алаңы орнатылған. Жүгіретін арнайы жол жасалған. Спорттық тренажерлар қойылған. Сырғанақтар кешені де қарастырылған. Көлеңке беріп тұрған ағаштар отырғызылған. Тынығып демалу үшін көше орындықтары да барынша қолайлы етіп жасалған.Жалпы, биыл қала бойынша 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады