Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жаңа аулалар абаттандырылды

Астанада жаңа аулалар абаттандырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Байқоңыр ауданында Отырар көшесіндегі тағы екі аула абаттандырылды, сондай-ақ “Кирпичный” тұрғын алабындағы Көксеңгір көшесінде жаңа балалар ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аула аумағына екі үй кіреді: Отырар көшесі 4/1 және 4/2. Мұнда 1500-ге жуық тұрғын тұрады. Ауланың ашылуы тұрғындардың қатысуымен салтанатты жағдайда өтті.Абаттандыру барысында балалар ойын алаңы, үлкен футбол алаңы, workout-аймақ, демалуға арналған беседкалар жабдықталды. Сондай-ақ шамамен 2000 шаршы метр асфальт пен тартан жабыны төселді.Сонымен қатар бүгін Байқоңыр ауданының “Кирпичный” тұрғын алабында Көксеңгір көшесінде жаңа балалар ойын алаңы ашылды. Бұл балалар алаңы жаңа балабақша мен № 12 мектеп ауданында орналасқан.Бұл аумақта 2,5 мыңнан астам тұрғын тұрады. Бұл кеңістіктегі балалар ойын алаңы тозған және көптеген жылдар бойы абаттандырудың болмауына байланысты балалар үшін қауіпті болған.Бүгінде алаң жан-жақты абаттандырылып, балалар ойын алаңы мен тұрғындар үшін жайлы кеңістік пайда болды.Биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүргізілуде, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады