Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астана қаласы әкімдігінің Көлік және коммуникациялар жоғары колледжінің студенттері «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС-ге барып, кәсіби бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесуге қатысты. «Мамандыққа апарар жол: колледжден өндіріске» деп аталған бұл бастама – өндірістік орта мен білім беру мекемелері арасындағы байланысты нығайтып, жастарды техникалық мамандықтарға ынталандыруға арналған жүйелі жоба, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттерге өндірістік процестердің нақты үлгісін көрсету, олардың кәсіби бағдарын айқындап, білім мен дағдыны ұштастыруға мүмкіндік беру. Сонымен қатар бірнеше жылдан бері колледждің сенімді әлеуметтік серіктесі болып келе жатқан Астана электротехникалық зауытымен әріптестікті нығайту көзделді.Бағдарлама аясында студенттер қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтіп, зауыттың жұмысымен танысты. Колледж және зауыт басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпорынның тарихы, жетістіктері мен даму бағыттары таныстырылды. Арнайы ұйымдастырылған шеберлік сыныбы барысында студенттер өндірістік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу талаптарымен танысып, электрмен жабдықтау және электротехника салаларындағы заманауи талаптар жайында нақты ақпарат алды.АЭТЗ өндірістік директоры Дархан Мақсұтов зауыттың 13 жылдан бері нарықта тұрақты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда 270-тен астам білікті маман қызмет етеді, ал жүзеге асырылған жобалар саны – 2700-ден асады.
Практикалық тәжірибе алып жүрген студенттердің бірі – Кәсіптік техникалық колледждің 2-курс студенті Айдос Балғынбек:
«Мамандыққа жол: колледжден өндіріске» атты бастама білім мен өндірістің түйісер тұсында нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейді. Мұндай кездесулер техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты арттырып, жастардың еңбек нарығына сенімді қадам басуына жол ашады. Бұл – кадрлық әлеуетті күшейтудің және өндірісті жаңғыртудың маңызды алғышарттарының бірі.