Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада арнайы компанияда жұмысшы мамандардың жұмыс киімі әзірленеді

Астанада арнайы компанияда жұмысшы мамандардың жұмыс киімі әзірленеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» етіп жариялады. Елордада осы бағытта түрлі шаруалар жүзеге асып келеді. Мәселен, Астана қаласы маңындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан тігін өндірісімен айналысатын «ASTANA Ютария LTD» серіктестігі бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тігін компаниясы бір жылда әр мамандыққа арналған 200 мың дана киім өндіруге қауқарлы.

«Кеңсеге арналған классикалық үлгімен қатар, «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай өндірістегі басшылық құрамның және жұмысшылардың жұмыс киімін тігеміз. Нақтырақ айтқанда, шахтер, мұнай-газ бен теміржол саласындағы жолсерік азаматтардың және дәнекерлеушілерге арналған арнайы топтамаларымыз бар. Бұлардың кейбірінде жаздық және қыстық үлгідегі нұсқасы қатар дайындалады», - деді компаниядағы өндіріс бөлімінің басшысы Дінайша Бектібаева.

«Индустриялық парк – өз өнімдерін шығаруға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға, қаланың дамуына жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін елорданың басты өндірістік алаңы. №1 Индустриялық парктің өнеркәсіптік нысандарының инвестициялық портфелі шамамен 121 жобаны қамтиды. Оның ішінде 67 жоба толыққанды жұмыс істеп,  5 347-ден астам жұмыс орны ашылды», - дейді бас директордың технология және әзірлеме жөніндегі орынбасары Гүлнар Игембаева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді