Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: болашақ флористика мамандар әлемдік компаниядан тәжірибе алады

Жұмысшы мамандықтар жылы: болашақ флористика мамандар әлемдік компаниядан тәжірибе алады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордалық флористика мамандығы бойынша оқитын студенттер әлемге әйгілі «Flower Circus» компаниясының мамандарымен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында жұмысшы мамандықтар жылы аясында флористика саласына қызығушылық танытқан жастар үшін ерекше мүмкіндік ұсынылды. Сервис және туризм колледждерінің студенттері әлемге әйгілі голландиялық «Flower Circus» компаниясының жетекші мамандарымен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ауқымды флористика шеберлік сабақтары Flora Expo Astana 2025 халықаралық көрмесі аясында өтті. Голландиялық «Flower Circus» компаниясының танымал амбассадорлары Жохн Елсгест пен Морган Доугалс студенттерге гүлдер әлемінің жаңалықтарын, сұранысқа ие түрлерін және олардың нарықтағы орнын таныстырды.

Сонымен қатар, олар әсем гүл композицияларын жасау, оларды тиімді сату жолдары бойынша құнды кеңестер мен шеберлік сағаттарын өткізді. Іс-шара барысында студенттер заманауи флористикадағы әлемдік трендтермен танысып, авторлық гүл композицияларын жасау тәжірибесін меңгерді. Практикалық сабақтар арқылы жастар кәсіби дағдыларын шыңдап жұмыс істеудің жолдарын үйренді. Бұл тәжірибе олардың шығармашылық әлеуетін арттырып, болашақ кәсіби өмірлеріне сенімді қадам жасауына жол ашты. Айта кетерлігі, осы іс-шараға қатысқан колледж түлегі Ержан Балтабай флористика құзыреттілігі бойынша EuroSkills Herning 2025 халықаралық чемпионатының республикалық іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, Голландияда тағылымдамадан өтуге жолдама алды. Бұл Ержан үшін үлкен кәсіби серпіліс болмақ. Жалпы, аталмыш бастама студенттердің кәсіби даму жолындағы маңызды кезеңге айналып, олардың заманауи флористика саласына терең бойлап, шығармашылық шабыттарын арттыруға септігін тигізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты