Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер қалай абаттандырылып жатыр

Астанада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер қалай абаттандырылып жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Оның аясында жайлы демалыс орындары ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Мұның бәрі қала тұрғындары үшін жайлы қалалық орта құру үшін жасалады. Қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын өткізетін тартымды орындар көптеп ашылды.Кешенді жұмыс қаланың әр ауданында гүлзарлар, қоғамдық кеңістіктер, саябақтар болуы үшін полицентрлік қағидаты бойынша жүргізіледі.Мысалы, Байқоңыр ауданында 60 аула мен 13 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, оның 8-і бос жерде орналасқан, оның бесеуінде кешенді абаттандыру жүргізілді.Бұрын бос тұрған учаскелер қазір абаттандырылған аймаққа айналды: жасыл желектер отырғызылды, көше жиһаздары мен жарықтандыру орнатылды, бұл қала тұрғындарының демалуы үшін жайлылық жасайды. Абаттандыру процесінде қаланың шетіне де ерекше назар аударылады.С.Торайғыров көшесі, 2 мекенжайына іргелес аумақта, Толстой-Абыралы көшелерінің қиылысында, Өндіріс елді мекеніндегі Құрманғазы көшесінде, «Қоянды» саяжай алабында, Кирпичный елді мекеніндегі Көксеңгір көшесінде, Қазқалашық елді мекеніндегі Қарақұм көшесінде, Мұнайшылар елді мекеніндегі Әл-Фараби көшесінде, Өндіріс елді мекеніндегі Тайбурыл көшесінде тұрған бос жерлерге жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылды. Мұнда демалуға арналған тыныш орындар, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, спорт аймақтары бар. Бұл тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайды.Астананың барлық ауданы жөндеу-қалпына келтіру жұмысымен қамтылды. Келесі жылы аулалар мен қоғамдық орындарды (гүлзарлар, желекжолдар, саябақтар) абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді