Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана күніне орай Байқоңыр ауданында қоғамдық кеңістік ашылды

Астана күніне орай Байқоңыр ауданында қоғамдық кеңістік ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана күніне орай Байқоңыр ауданында қоғамдық кеңістік ашылды. Елорда күні қарсаңында Байқоңыр ауданының Бөгенбай батыр даңғылында қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы қоғамдық кеңістіктегі кешенді абаттандыру жұмысы Республика даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейінгі аралықты қамтыды.Аталған учаскеде 9000 шаршы метрден аса жаяу жүргіншілер жолы жаңартылды. 500 метрге жуық тіреу қабырғалары жабдықталып, 2500 шаршы метр асфальт жабыны төселді. 40-қа жуық жарық тіректері, 20-дан аса қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылды. Сондай-ақ, жасыл желектер, көпжылдық және біржылдық гүлдер отырғызылды.Бұдан бөлек, тұрғындар үшін көп жылдан бергі түйткілді мәселелердің бірі болған – автотұрақ мәселесі шешімін тапты.Нәтижесінде, 70 автокөлік орнын құрайтын қосымша автотұрақ жайластырылды. Бөгенбай батыр даңғылы, 54 ауласына кіретін жол кеңейтілді.Айта кетейік, Астана күніне орай «Байқоңыр» ауданында барлығы 20 аула, 3 қоғамдық кеңістік тұрғындар игілігіне тапсырылатын болады. Ал жалпы жыл соңына дейін 117 аула аумағын, 7 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді