Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

40 мыңнан астам ауыл баласы жаңа жағдайда білім алады

40 мыңнан астам ауыл баласы жаңа жағдайда білім алады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Елімізде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы іске асып келеді. Жоба ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға және педагогтердің кәсіби дамуына тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған,- деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл жобаға 40 мыңнан астам оқушы білім алатын 56 ауыл мектебі қосылды. Әрқайсысы заманауи лабораториялармен, робототехника, STEM-лаборатория, физика, химия кабинеттерімен толықтай жабдықталуда. Акт залы мен спорт залындағы жиһаз бен спорт құралдары, асхана мен мұғалімдер бөлмесі жаңартылуда. Жалпы жоба аясында 1848 кабинет жаңартылады. Мектептегі ұстаздар мен директорлар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Атап айтсақ, бұл курстар пәндік және объективті бағалау, цифрлық сауаттылық пен тәрбие жұмыстары бағыттарын қамтиды. Бұдан бөлек, мектептер 3 жыл көлемінде методикалық қолдауға ие болады. Осы уақытта ауыл мектебі аймақтағы зияткерлік мектептермен тұрақты байланыс орнатып, оқыту процестерін жетілдіре алады. Айта кетсек, тірек мектептерді дамыту жобасы 2022 жылы Оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп іске асып келеді. Қазіргі таңда елімізде 135 мектеп тірек мектептер желісіне қосылған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді