Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пойыз жолаушысынан марихуана табылды

Пойыз жолаушысынан марихуана табылды
Фото: Polisia.kz

Қызметтік-іздестіру иті Алматы-Ақтөбе пойызының жолаушысынан марихуана тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тлшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Сұлутөбе – Қызылорда станциясының аралығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ральф атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен есірткі затын заңсыз сақтау фактісін анықтады. Алматы – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында қызметтік ит жолаушылардың біріне белгі берді. Ол көршілес мемлекеттің 37 жастағы азаматы болып шықты. Тексеру барысында ер адам өз еркімен ішінде жалпы салмағы 201 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты бар целлофан пакетті тапсырды. Оның айтуынша, бұл есірткіні Алматы қаласынан жеке тұтыну мақсатында жинап алған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Шетелдік азамат жауапқа тартылды. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері 153 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 27 өткізу фактісі, 6 аса ірі көлемдегі сақтау орны. Заңсыз айналымнан 18 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 8 келіден астам синтетикалық есірткі бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі