Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында синтетикалық есірткі сақтаған шетелдік азамат сотталды

Ақтөбе облысында синтетикалық есірткі сақтаған шетелдік азамат сотталды
Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында Ресей азаматшасы синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 3 жылға сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыз айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматшасын анықтап, ұстады.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев атап өткендей, тінту барысында шетелдік азаматшадан жалпы салмағы 2,97 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған кезде әйел кісі есірткіні жеке өзі тұтыну үшін Telegram-канал арқылы сатып алғанын айтты.

– Аталған факті бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ресей Федерациясының азаматшасы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Малыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлері 159 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 5 өткізу фактісі, 11 аса ірі көлемдегі сақтау фактісі тіркелген. Заңсыз айналымнан 31 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты