Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері тараздық төрт тұрғыннан 29 келі есірткі тәркіледі

Көлік полицейлері тараздық төрт тұрғыннан 29 келі есірткі тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері тараздық төрт тұрғыннан 29 келі кептірілмеген марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тiлшiсi Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 шілдеде көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында, қызметтік-іздестіру итімен Түрксіб станциясының өткелінде Мазда автокөлігін анықтап, тоқтатты. Көлікте 39 жастағы көлік жүргізушісі және Тараз қаласының 3 тұрғыны болды.Тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 29 келі 140 грамм, яғни аса ірі көлемдегі кептірілмеген марихуана есірткі заты болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта сот ұсталғандарға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша өзге де мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді