Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық гимнасшылар Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Елордалық гимнасшылар Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары жалпы саны 11 медаль жеңіп алды. Оның 5-еуі – алтын, 4-еуі – күміс, 2-еуі – қола жүлде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде командалық көпсайыста №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің құрамасы алтынға қол жеткізді. Сеньорлар арасындағы командалық біріншілікте осы құрамға Айым Мейіржанова мен Айбота Ертайқызы қосылып, күміс жүлде әкелді. Юниорлар жарысында Ақмарал Ерекешева мен Рысбек Айғаным да күміске табан тіреді.Финалдық бағдарламада №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы 3 шығыршық + 2 жұп ұршық жаттығуында алтын, 5 лентада күміс еншіледі. Жеке нәтижелер:Айбота Ертайқызы – лентада алтын медаль, көпсайыста қола медаль;Ақмарал Ерекешева – доп пен лентада қос алтын медаль, ұршықта күміс медаль; Айым Мейіржанова – ұршықта қола медаль;Рысбек Айғаным – жеке көпсайыста 4-орын. Бұл тарихи нәтижеге жетуге зор үлес қосқан бас жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева бастаған тәжірибелі бапкерлер құрамында Оксана Нечитайло мен Екатерина Панченко бар. Спортшыларды дайындаған хореографтар – Шыңғыс Оспанбаев бастаған Сая Айдыс пен Карина Аблакова.

«Біз осы жетістікке бір команда болып қол жеткіздік. Әр спортшымның табандылығы мен бапкерлер тобының ерен еңбегі – бәрі бір арнада тоғысып, Азия чемпионатындағы 5 алтын, 4 күміс, 2 қола медальға айналды. Балаларымыздың көзіндегі от пен ерік-жігері бізді күнде алға жетелейді. Алда талай биік тұр, сол шыңдарды да бірге бағындыратынымызға кәміл сенемін», – дейді Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің Көркем гимнастика бөлімінің аға жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаева.

Айта кету керек, бұл жарысқа 19 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді