Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
Фото: boxingkazakhstan

Болгарияда өткен 76-шы «Странджа кубогі» турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрама мүшесі Төрехан Сабырхан турнирдің үздік боксшысы атанды.

Конькимен жүгіру: Ұлттық құрама спортшысы Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды.

Көркем жүзу: Франция астанасы Париждегі Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде отандастарымыз бір алтын, екі күміс жүлде олжалады.

Брейкинг: Индонезияда ұйымдастырылған Fresh Mo Jam халықаралық рейтингтік турнирінде Диас Әубәкіров топ жарды. Ол финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Виктор Монтальводан басым түсті.

Күрес: Албания астанасы Тиранада өткен рейтингтік турнирде Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль еншіледі.

Дзюдо: Ташкенттегі (Өзбекстан) Grand Slam жарысында Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды.

Фристайл-могул: Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко қола медальға қол жеткізді. Анастасия кіші финалда америкалық Тесс Джонсоннан озып кетті.

Таэквондо: Болгария астанасы Софияда өткен Bulgaria Open G1 турнирінде Қазақстан командасы 1 алтын, 5 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді.

Су добы: Қытайдың Чжаоцин қаласында мәресіне жеткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады