Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың Достық үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотокөрменің онлайн ашылуы өтті. Іс-шараның мақсаты Тәуелсіздіктің 30 жылдығы кезеңінде елордалық этнос өкілдерінің жетістіктерін, табыстары мен елдің дамуына қосқан үлесін көрсету болды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы В.Божко, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Л. Құсайынова қатысты. Шараға қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңдерінен сыр шертетін көрменің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде мықты мемлекетті қалыптастыру, оның барлық институтын дамыту бойынша іргелі жұмыс жүргізілді. Алайда, бұл жемісті жұмыстар оңай келмегенін атап өткен жөн. Қазақстанды осындай беделді әлемдік деңгейге шығарған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі баға жетпес деп мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің әрбір азаматының күш-жігерінің арқасында елде бейбітшілік орнады, ұлтаралық келісім нығайды. Мемлекетімізге одан әрі өркендеу тілеймін!» — деді көрменің ашылуында Владимир Божко.

Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова елімізді дамыту мақсатында қазақстандықтардың атқарған орасан зор еңбегін атап өтті.

«ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде үлкен жұмыс атқарылды және еліміздің бейбіт дамуының мызғымас іргетасы қаланды. Фотокөрме осы бірегей және табысты жұмыстың дәлелі, сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыстың нәтижесі жылдар бойы атқарылған жұмысты куәландырады. Ол сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жан-жақты ашып көрсетеді», - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, іс-шара онлайн режимде өтті. Фотокөрме жыл соңына дейін жалғасады. Ол мына мекенжайда орналасқан: Б.Момышұлы даңғылы, 24/9; Достық үйінің ғимараты, 1 және 2 қабаттарда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты