Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Діни көшбасшылардың рөлі Н. Назарбаев Орталығы алаңында талқыланды

Бүгін «PeaceTalks» пікірталас алаңы аясында «Әлемнің тұрақты дамуына қол жеткізудегі діни лидерлердің рөлі» тақырыбында 2021 жылы алғашқы халықаралық онлайн-конференция өтті,деп хабарлайды kazlenta.kz.


Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған халықаралық деңгейдегі тематикалық конференциялар топтамасын бастады.


Іс-шара жұмысына Қазақстанның мемлекеттік органдары мен діни бірлестіктері өкілдері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының мүшелері, жетекші шетелдік сарапшылар мен Сауд Арабиясы, Мысыр, Ватикан, Үндістан, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан мен Иран халықаралық ұйымдарының жетекші спикерлері қатысты.


Онлайн-конференцияны ашу барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов қатысушыларға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының жаңа Басқарма Төрағасы Сәрсенбаев Болат Серғазыұлын таныстырды.


Вице-министр өз сөзінде бейбітшілік пен келісім үшін діни көшбасшылардың позитивті күш-жігерін біріктіру, олардың өзара тиімді қарым-қатынастары маңызды шарт болып табылатындығын атап өтті.


Өз кезегінде, Болат Сәрсенбаев бүгін жаһандық даму перспективаларына қатысты әртүрлі проблемаларға деген көзқарастармен алмасуға мүмкіндік бар екендігін жеткізді.


Халықаралық спикерлер Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі аясында әлемдегі діндер мен мәдениетаралық диалогты ілгерілетудегі Қазақстанның рөлін атап өтті. Халед Акаше, Папалық Кеңестің ислам істері бойынша бюросының басшысы және Мухаммед Мехди Тасхири, Иран Ислам Республикасы Дінаралық диалог халықаралық орталығының төрағасы Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдауда жинақтаған тәжірибесін тиімді ілгерілете отырып, жалпыұлттық келісім мен қоғамды біріктірудің көрнекі үлгісін көрсетіп жатыр деген ортақ пікірге келді.


Сарапшылар әлемдік және дәстүрлі діндердің жаһандық диалогын дамытудағы елдердің халықаралық бастамаларының маңыздылығына тоқталды. Ресей-араб зерттеу және ақпарат орталығының төрағасы Маджид Абдулазиз ат-Турки және Доркинг қаласы Ағылшын шіркеуінің өкілі Джо Бейли Уэллс қатысушыларды өшпенділік пен төзбеушілік себебінен пайда болатын зорлық-зомбылық оқиғаларын болдырмау және мызғымас тұрақтылыққа жетудегі әлемдік қауымдастықтың белсенді әрекеттеріне барынша қолдау көрсетуге шақырды.


Спикерлер пандемия зардаптарына қарамастан дінаралық қарым-қатынастарды нығайтуға мемлекеттер қолдау көрсетіп, рухани құндылықтарды насихаттауда өзінің тәжірибелік үлестерін қосу қажет деп атап өтті.


Халықаралық онлайн-конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар дінаралық диалогты нығайту мәселелері бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастықты жалғастыру, «PeaceTalks» дискуссиялық алаңының шегінде тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу туралы келісімге қол жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді