Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елбасы Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасында барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

– Ресей біздің тату көршіміз әрі стратегиялық серіктесіміз. Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланысты дамытып қана қоймай, мемлекетаралық қарым-қатынасты да нығайта түсері анық, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Валентина Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы Елорда күнімен және биыл атап өтіліп жатқан Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

– Сізді келе жатқан Қала күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Жас Қазақстанның жаңа астанасының бой көтеруіне Өзіңіз тікелей атсалыстыңыз. Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығы атап өтілуде. Отыз жыл қас қағым сәтте өте шықты. Бүгінде Қазақстан – посткеңестік кеңістіктегі ең табысты елдердің бірі. Сіздер дамыған мемлекеттік институттары мен нарықтық экономикасы бар егемен ел құрдыңыздар. Осы жолды жүріп өткен Қазақстан өзіндік келбеті, ішкі және сыртқы саясаты бар, әлемдік қоғамдастықта құрметке ие мемлекетке айналды, – деді Федерация кеңесінің төрағасы.

Валентина Матвиенко Елбасының Қазақстан-Ресей қатынастарының қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ерекше атап өтті.

– Сіз Ресей мен Қазақстан арасында байланыс орнатуды әрдайым қолдап келесіз. Өйткені бұл Қазақстанның стратегиялық, геосаяси және ұлттық мүдделеріне сай. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында біз мемлекетаралық қатынас орнатудың табысты жолынан өтіп, тиімді, тең құқылы, өзара сыйластыққа негізделген ынтымақтастық моделін құрдық, – деді Федерация кеңесінің төрағасы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады