Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше кеш өтті

Қостанайда Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше кеш өтті
Фото: Polisia.kz

Қостанайда Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше кеш өтті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай қаласының тұрғындары үшін аса қымбат мекенге айналған аттракциондар саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше кеш өтті. Саябақ сахнасында соғыс жылдарынан естелік болып қалған жүрек тербетер әндер шырқалды. Бірақ бұл жолғы орындау — айрықша, тебіреніс пен тағзымға толы болды. Себебі бұл әндерді Қостанай қаласының тәртіп сақшылары — полиция қызметкерлері орындады. "Журавли", "Қараңғы түн, "Жеңіс күні, "Әлия" сынды әндер талай ұрпақтың жүрегіне жақын, ел мен ердің шежіресіндей сыр шертетін шығармалар. Сол күндері саябақта әр нотамен бірге тыныштық орнады, әр шумақпен бірге жұртшылық жүрегі елжіреп, өткенді еске алды. Бірі қосылып ән салды, бірі көзіне жас алды... Әннен кейін дәстүрлі би де болды — барлығы шынайы эмоция мен рухани тұтастықтың белгісіндей. Соғыс жылдарындағы әндер — жай ғана музыка емес, бұл — ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан естелік, жауынгерлердің ерлігі мен қайсар рухының үні. Ал оны бүгін өз Отанында бейбіт өмірді күзетіп жүрген полиция қызметкерлерінің орындауы – ерекше мағыналы, әсерлі әрі жүрекке жылы тиді. Мұндай шаралар әрқашан жалғасын тапсын. Себебі олар елдіктің еңсесін көтеріп, ұмытылмас жылдарға деген құрмет пен ризашылықты ұрпақ санасына сіңіреді. Қала тұрғындарына ерекше кеш сыйлаған тәртіп сақшыларына шын жүректен алғыс!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті