Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада Жеңіс күніне орай «Мейірімділік эстафетасы» акциясы өтті: ардагерлерге сыйлықтар табысталды

Елордада Жеңіс күніне орай «Мейірімділік эстафетасы» акциясы өтті: ардагерлерге сыйлықтар табысталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елорданың Достық үйі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Мейірімділік пен естелік эстафетасы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында тыл еңбеккерлерін алдағы мерекемен құттықтап, Жеңіс жолында қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, 30 азық-түлік себетін табыс етті.Акцияға елордалық ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшесі Бақытжан Ерсаев, Владимир Божко, қалалық ҚХА мүшелері мен жастары, Астана әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері қатысты.Акцияға қатысушылар еңбек ардагерлерінің үйін аралап, оларға естелік сыйлықтар табыстады.

«Осы акцияның қатысушыларына арнайы құттықтап келіп, сыйлықтар табыс еткені үшін алғыс айтамыз. Бүгінгідей керемет көңіл-күйде патриоттық әндер есіме түсіп отыр. Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен, мерекенің 80 жылдығымен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, игілік, өмірде сәттілік және ел игілігі жолында атқаратын жұмыстарыңызға үлкен күш тілеймін!» — деді тыл еңбеккері Надежда Кириленко.

Іс-шара өз өмірін құрбандыққа тігіп, еңбегімен Жеңісті жақындатқандарға тарихи естелік пен құрметтің маңыздылығын еске салды.

«Біз тарихқа, яғни бізге бейбіт өмір сыйлап кеткен ата-бабаларымыздың рухына тағзым етеміз. Бүгін жастармен бірлесіп, еңбек ардагерлерін келе жатқан мерекемен құттықтадық. Елордалық ҚХА-ның жастары аға буынмен бірге осындай акцияларға белсенді қатысқаны қуантады. Бұл – еліміздің болашағы үшін үлгі боларлық іс», — деп атап өтті Бақытжан Ертаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады