Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда әкімдік алдында көлікпен дрифт жасаған 6 жүргізуші жауапқа тартылды

Атырауда әкімдік алдында көлікпен дрифт жасаған 6 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

25 желтоқсан күні сағат 01:54 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері қалалық әкімдік ғимараты алдында бірнеше автокөліктердің дрифт элементтерін орындағанын және бұл әрекетімен айналаға қауіп төндіріп жатқанын байқап, аталған жерге патрульдік полиция экипаждарын жіберген. Нәтижесінде үш автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дрифт жасаған Ford Mustang, Ваз-211440 және Hyundai Greta автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік іс қозғалып, олардың әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, дәл осындай оқиғаны 26 желтоқсан күні сағат 22:13 шамасында үш бірдей BMW автокөлігі қайталаған. Оны да Жедел басқару орталығының кезекші бейнебақылау қызметкерлері анықтаған. Патрульдік полицейлер тексеріс кезінде үш автокөліктің біреуінің тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргендігін анықтаған. Екі BMW автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар жасақталып, әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ күйде дрифт элементтерін орындаған тағы бір BMW автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар жасақталып, барлығы 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды