Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жүргізушіні қуып жүріп ұстаған полицейлердің видеосы тарады

Елорда полицейлері алкоголь және есірткі қолданып, көлік тізгіндеген жүргізушіні қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақпараттық порталдың жазуынша, Астанада кешкі уақытта Land Rover көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жолда апаттық жағдайлар туғызған. Жүргізуші жоғары жылдамдықпен бағдаршамның тыйым салынған сигналына екі рет өтіп, автобус жолағына шығып кетіп, полицейлердің тоқтау туралы талаптарын елемеген. Тәртіп бұзушы Республика даңғылында ұсталған. "Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші көлікті "жеңіл дәрежедегі мас" күйінде басқарған.

Сонымен қатар мультитесттен өту кезінде марихуана қолданғаны анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды", – деп жазады басылым. Сондай-ақ тексеріс барысында ер адамның мас күйінде көлік жүргізгені үшін 2020 жылы жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылғаны да белгілі болған. Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік құралын басқару") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын