Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Киберполиция 1 млн теңге көлеміндегі алаяқтық әрекеттің алдын алды

Киберполиция 1 млн теңге көлеміндегі алаяқтық әрекеттің алдын алды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында киберполиция қызметкерлері бір миллион теңге көлеміндегі алаяқтық әрекеттің алдын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай аудандық полиция басқармасының киберполиция бөліміне “Қазақстан Халық банкі” АҚ жергілікті филиалының басшысынан қоңырау түсті. Банк қызметкері бөлімшеде болған 65 жастағы аудан тұрғынына қатысты күдікті жағдай туралы хабарлады.

Белгілі болғандай, азаматшаның телефонына бейтаныс нөмірден қоңырау түскен. Алаяқтар өздерін “Қазақстан Халық банкі” қызметкерлері ретінде таныстырып, сенімге кіріп, әйелді жақын маңдағы банк бөлімшесіне баруға мәжбүрлеген. Әңгіме барысында олар психологиялық қысым көрсетіп, қылмыстық жауапкершілікпен қорқытып, бір миллион теңгені "қауіпсіз шотқа" аударуды талап еткен.

Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, азаматшаның алаяқтармен байланысын тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция мен банк қызметкерлерінің шұғыл әрекеттерінің арқасында ақша аудару әрекетінің жолы кесіліп, қаражат жәбірленушінің депозиттік шотына қайтарылды.

Полиция азаматтарға күдікті қоңырауларға сақтықпен қарауды ескертеді. Егер өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардан қоңырау түссе, бірден ресми нөмірлер арқылы тексеріп, күдік туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты