Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Баспананы тез алуға көмектесеміз»: елордада алаяқтық жиілеп кеткендігі туралы ескертілді

Елордада банктердің, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері атынан шығып, тұрғын үй кезегін жылжыту немесе ипотеканы ресімдеу үшін ақшалай сыйақы сұрайтын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтар өзін банк қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің қызметкері ретінде таныстырып, ақшалай сыйақы, несие рәсімдеу немесе төлеуді сұрайды.

Мәселен, биыл 17 желтоқсанда ішкі істер органдарына елорда тұрғыны арыз берген. Алаяқтар өзін елорда әкімдігіне қарасты тұрғын үй басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді кезек бойынша жылжыту және жылдам алу сылтауымен қаражатын өз шоттарына алдап аудартады.

Ал елорданың тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Жәбірленушінің айтуы бойынша танысы екінші деңгейлі банктерде байланысы бар екенін айтып, ипотека рәсімдеуге көмектесуге уәде берген. Өз қызметі үшін ол алданған әйелден осы жылдың сәуір айында 2,2 млн теңге алған, бірақ бүгінге дейін уәдесін орындамаған.

Полиция департаменті қала тұрғындарына сақ болуды, тек сенімді ақпарат көздері мен ресми жарияланымдарға сенуді, банктердің, әкімдіктің және өзге де мемлекеттік мекемелердің ресми телефондарына қайта қоңырау шалып, тексеру керектігін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты