“Банк қызметкерлеріне” сенген ақмолалық қарт тұрғын қомақты қаржысынан айырылып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Атбасар қаласының полиция бөліміне 68 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді.
Зейнеткер 8 тамыз белгісіз адам оның нөміріне қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттағы және депозиттегі ақшалай қаражатты мерзімді сақтандыру қажеттілігі туралы, содан кейін оларды банк картасына аударуы керек екенін хабарлаған.
Белгісіз адам егде жастағы әйелге оның жинақтарын сақтандыруға уәде беріп, әңгіме барысында қылмыскер мен оның сыбайластары жәбірленушіні ақшаның жоғалуына әкелуі мүмкін деп сендіріп, асықтырған. Зейнеткерге жағдайды ойлауға уақыт бермей, ақшаны жоғалтудан қорқып, қоңырау шалушының сыбайласы өзіне тиесілі банк картасының нөмірін және телефонға түскен үш таңбалы кодты жіберуге көндірген.
Алаяқтық әрекеттерден күдіктілер өтініш берушінің жеке шотынан 2 миллион теңгеден астам және депозиттен 1900 доллар алған, сонымен бірге қылмыскерлер ақмолалықтың шотына түскен 86 мың теңге зейнетақысын да ұрлап кеткен.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.
Қазіргі уақытта күдікті адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.