Сн, 03 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында жыл басынан бері алаяқтыққа қатысты 677 дерек тіркелген

Қарағанды облысында жыл басынан бері алаяқтыққа қатысты 677 дерек тіркелген
Фото: polisia.kz

Интернет-алаяқтық қылмысының күн санап өсуіне байланысты Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин тұрғындарға үндеу жариялады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілеме жасап.

Интернет алаяқтық фактілері бойынша ескертулер мен алдын алу жұмыстарына қарамастан облыс тұрғындары тарапынан алаяқтардың алдауына түсіп жатқан азаматтардың саны күн санап өсіп келеді.

– Сіздерге тағы да үндеу жасауға мәжбүр болып отырмын. Жыл басынан бастап аумақтық ішкі істер органдарына алаяқтардың арбауына түсу фактісі бойынша 677 қылмыстық іс тіркелді. Алаяқтардан тұрғындарға келтірілген шығын – 1 миллиард 16 миллион 179 мың теңге. Жыл басынан бастап, полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында ақпараттық жүйе арқылы бірнеше эпизод қылмыс жасаған 12 адам ұсталды, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Оның айтуынша, алаяқтық фактісінің ең көп таралған түрінің бірі – өздерін “банк қызметкеріміз” деп телефон шалу. Ондай жолмен алаяқтық жасаудың 212 дерегі тіркелді. Оның ішінде Kaspi Bank – 52 факті, Ұлттық банк – 49 факті, Eurasian Bank – 35, Халық Банк – 25 фактіден, ForteBank – 19, Центр Кредит Банкі – 10, Homebank – 4, Қазақстан Банктер Ассоциациясы – 3, Jusan Bank бойынша 1 дерек тіркелген. Жалған банк қызметкерлері тарапынан тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 400 млн теңгені құрап отыр.

– Кейбір жағдайларда бұндай қылмыстарға қаржы ұйымдарының қызметкерлерінің қатыстылығы анықталып жатады. Мәселен, 17 мамыр күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 40 жастағы банк қызметкері ұсталды. Ол өзінің қызметін пайдаланып, өзінің 33 жастағы танысына 66 жастағы зейнеткердің жеке деректерін беріп, күдікті зейнеткерге 930 мың теңге шығын келтірген. Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, – деді Әбіл Әбілдин.

Алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында 22 мамырдан бастап Қарағанды облысы аумағында “Тоқта, алаяқ” атты кең көлемді акция өткізіледі.

– Құрметті жерлестер! Егер банк қызметкері қоңырау шалса, ол сіздерде бірден күмән тудыруы қажет. Телефон тұтқасын қойып, бірден жедел желіге немесе “102” арнасына қоңырау шалыңыз, – деп сөзін түйіндеді Ә.Әбілдин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті