Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады

Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.

Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.

«Біз инвестицияларды тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жедел шешімдер қабылдауға және қойылған міндеттерді іске асыруға толық жауапты болуға тиіс. Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже, орталықта да, жергілікті жерлерде де әрбір басшының тиімді жұмысы қажет. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысып, әуре-сарсаңға салмай, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыттар, кәсіпорындар, өндірістер салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет. Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты