Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шара қабылданады

Олжас Бектенов: Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шара қабылданады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Олжас Бектенов Президент Ana tili газетіне берген бағдарламалық сұхбатында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты міндеттер қойғанын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев жасанды интеллект орталығы болатын бірыңғай цифрлық хаб құру жұмыстарының барысына тоқталды. Индустриалды еңбек нарығында сұранысқа ие отандық кадрлар даярлауға, сондай-ақ білім беру мазмұнын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. 

Премьер-министр ЖИ дамуының практикалық тұрғыдан нақты пайдасын атап өтіп, технологиялық шешімдерді ауқымды енгізу бірінші кезекте қазақстандықтардың өмір сүру сапасына оң әсер етуі тиіс екенін атап өтті. 

«Мемлекет басшысы бүгінгі сұхбатында Үкімет алдына экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндетін қойды. Біз өнімді жұмыс орындарын құруға, сол арқылы еліміздің барлық өңірінде отбасыларды тұрақты табыспен қамтуға мүмкіндік беретін шикізаттық емес дамыған салалары бар өзін-өзі қамтамасыз ететін экономикаға ұмтылудамыз. Елімізде GovTech және IT саласы табысты дамып келеді және оны жалғастыру қажет. Жалпы, цифрлы экономика өсудің маңызды әрі серпінді нүктелерінің біріне айналуы тиіс», — деп баса айтты Олжас Бектенов.

Президент сұхбатында атап өтілгендей, Үкіметтің басым міндеттері экономиканың орнықтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты секторды серпінді дамыту, еңбек өнімділігінің өсуі, сапалы жұмыс орындарының ұлғаюы болып қала береді.  

Премьер-министр Үкімет Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шаралар қабылдайтынын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады