Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары бекітілді

Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары бекітілді
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмысының жоспары мақұлданды. Жаңа редакцияда 6 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы 13 нормативті-құқықтық актіге түзетулер енгізу қажет, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр 19 заң жобасының 12-сі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдар экономиканы орнықты дамуына, денсаулық сақтау жүйесін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды заңнамалық бастамалар топтамасын дайындауы тиіс.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде жоспар жобасы қаржы нарығын тұрақты дамытуға және кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыруға бағытталған «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңды әзірлеуді көздейді. Сондай-ақ сайлау заңнамасын, мемлекеттік қызметті, міндетті медициналық сақтандыруды, денсаулық сақтауды дамытуды, баламалы энергия көздерін, телекоммуникация нарығын және деректер орталықтарын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Үкімет мүшелері ұсынған жоспар жобасын мақұлдады. Премьер-министр биылғы жоспарының қалған барлық заң жобасын Парламентке енгізу жұмыстарын аяқтауды және сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді