Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жобасын мақұлдады

Үкімет Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жобасын мақұлдады
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатты Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ұсынды. Жоспар экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз етуге және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған 76 іс-шарадан тұрады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында білім беру, денсаулық сақтау және спорттың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, оның ішінде қаржыландыру реформасы мәселелері жөніндегі шаралар көзделген. Аталған мақсаттарда МЖӘ тетігін, «әлеуметтік әмиян» құралын пайдалану, білім беру гранттарын саралау және басқа да тетіктерді қолдану қарастырылған. «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қаржыландырудың сараланған тәсілі моделіне ерекше назар аударылды.

Келесі жылы жұмысшы мамандықтары жылын өткізу бойынша жекелеген іс-шаралар көзделген.

Өнеркәсіп саласында отандық шикізат пен компоненттерді барынша пайдалану, жүйе құраушы кәсіпорындардың айналасында ілеспе өндірістер құру және басқаларды ескере отырып, ірі жобалар жүзеге асырылады. АӨК желісі және «Ауыл аманаты»  жобасын іске асыру бойынша жекелеген шаралар қабылданатын болады. 

Сондай-ақ жоспарға энергетика және коммуналдық шаруашылықтағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу, теміржол жүк тасымалының реттелетін тарифтерін алдағы 3 жылда рентабельділік деңгейіне дейін бекіту, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ЖИ енгізу және Жолдаудың басқа да бағыттары қамтылған.

Премьер-Министр Олжас Бектенов ұсынылған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Мемлекет басшысы қойған міндеттерді сапалы әрі жедел шешуге бағытталғанын баса айтты. 

«Басты міндет – Жоспардың іс-шараларын тиімді және уақтылы орындау. Үкімет пен әкімдіктер экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ету және азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында белсенді шаралар қабылдайтын болады. Жоспарда көрсетілген заң жобаларын уақтылы әзірлеу қажет. Оған сарапшыларды тарта отырып, терең талдау және талқылау жүргізу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы қаржыландыру мәселелерін жете пысықтауды тапсырды. Артық шығындардан бас тартып, бюджет қаражатын бірінші кезектегі және стратегиялық мақсаттарға ғана бағыттау керек.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша дауыс беріліп, нәтижесінде Жалпыұлттық жоспар жобасы бірауыздан қолдау тапты. Ұлттық экономика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірлесіп, Мемлекет басшысының тиісті Жарлығының жобасын Президент Әкімшілігіне енгізу тапсырылды.

Премьер-Министрдің орынбасарларына жоспар бойынша бекітілген тармақтардың іске асырылуын бақылау және үйлестіру тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі