Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алтынсарин академиясы мен әлемдік жетекші Google және Microsoft компаниялары ЖИ саласында ынтымақтастықты жоспарлауда

Алтынсарин академиясы мен әлемдік жетекші Google және Microsoft компаниялары ЖИ саласында ынтымақтастықты жоспарлауда
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Big Tech екі жетекші компаниясы Google for Education және Microsoft-пен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Серіктестік білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, Google for Education-пен педагогтер жұмысын оңтайландыру, қазақстандық оқушылардың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған оқу процесін ұйымдастыру үшін озық құралдарды пайдалану жоспарлануда. Ал Microsoft-пен ынтымақтастық бұлтты технологияларды әзірлеу мен енгізуді, сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруды көздейді.  
«Ірі технологиялық компаниялар кеңселерімен меморандумға отыру білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудағы маңызды қадам болып табылады. Осы әріптестік аясында білім беру саласында жасанды интеллектіні этикалық және жауапкершілікпен пайдалануға баса мән беріледі, бұл – қазіргі заманауи технологияларды оқу процесіне интеграциялауда жоғары мәнге ие», — деп атап өтті Алтынсарин академиясының вице-президенті Азамат Жұмахмет. 
Естеріңізге салар болсақ, өткен жылдың қаңтарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев компания өкілдерімен кездесіп, тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге келген болатын. Ал одан бір жыл бұрын Алтынсарин академиясы Солтүстік Қазақстан облысында шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту бойынша Microsoft компаниясымен бірлескен жобаны іске асырған еді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді