Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сеулде ҚР Оқу-ағарту министрі мен Корея Республикасының Білім министрі кездесті

Сеулде ҚР Оқу-ағарту министрі мен Корея Республикасының Білім министрі кездесті
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Сеулде өтіп жатқан GEIS білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммитінде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Корея Премьер-Министрінің орынбасары және Білім министрі Ли Джу Хомен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тараптар білім беру саласындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, инновациялық тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, білім жүйесін цифрландыру жобаларын талқылады.


«Сізді еліміздің қонағы ретінде көргенімізге қуаныштымыз. Бұл кездесу цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды жүзеге асырудағы екі ел ынтымақтастығының тағы бір маңызды кезеңі болып табылады», — деді Оңтүстік Корея Премьер-Министрінің орынбасары және Білім министрі Ли Джу Хо.

Ғани Бейсембаев сапалы білім беруде оқытудың инновациялық әдістерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Біздің еліміз қызметтің барлық бағыттарын цифрландыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Оқу-ағарту министрлігі қолжетімді, тең дәрежедегі және сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді кезең-кезеңмен енгізуде. Бізді Оңтүстік Кореяның білім беруде жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі озық тәжірибесі қызықтырады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрі.

Айта кетейік, GEIS білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммит екі күнге созылады. Қатысушы елдер шара барысында білім саласында инновацияларды қолданудың стратегиялық мүмкіндіктері мен тәжірибелік идеяларын талқылайды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді