Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Энергетика министрлігі мен Huawei цифрлық энергетикадағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісті

ҚР Энергетика министрлігі мен Huawei цифрлық энергетикадағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісті
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы цифрлық энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Құжатқа сәрсенбі күні Астанада ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс пен CEO Huawei Technologies Kazakhstan Чжао Сюй қол қойды.

Қол қойылған меморандум цифрлық энергетика саласындағы бірлескен инновациялық жобаларды іске асыруға, Қазақстан Республикасының Бірыңғай энергожүйесінің ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты көздейді.

Huawei-мен ынтымақтастық сонымен қатар адами капитал деңгейін дамытуға, саладағы кадрлардың кәсіби деңгейін, жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін, цифрлық энергетика саласындағы білімді арттыруға және азаматтардың цифрлық дағдыларын игеруге бағытталған бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын іске асыруға ықпал ететін болады.

Бұдан басқа меморандум реттеуші актілерді жетілдіру, халықаралық сараптама және цифрлық энергетика саласындағы үздік тәжірибе негізінде энергожүйені басқару саласындағы халықаралық стандарттарды үйлестіру үшін алғышарттар жасайды.

Осылайша, құжат озық цифрлық шешімдердің көмегімен Қазақстанның энергетикалық секторының ландшафтын сапалы өзгерту үшін негіз қалайды.

Технологиялар мен инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшы Huawei компаниясы озық шешімдерді, "жасыл" энергетиканы дамыту мен қолдауда бұрын-соңды болмаған тәжірибені ұсынуға дайын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді