Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында өткен жылы заңсыз айналымнан 700 келіге жуық есірткі тәркіленді

Жетісу облысында өткен жылы заңсыз айналымнан 700 келіге жуық есірткі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы 2024 жылдың қорытындысын шығарды. Өңірде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 148 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл деректердің ішінде есірткіні сақтау бойынша – 48, оның ішінде ірі көлемде сақтау бойынша 17 адам ұсталды. Барлығы 82 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 53 қылмыс – есірткіні өткізуге байланысты, бір қылмыс – контрабанда, бес қылмыс – заңсыз жарнама, 10 қылмыс – тыйым салынған өсімдіктерді өсіру.

Жедел іс-шаралар барысында:

700 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде:
• 235 келіден астам марихуана,
• 10 келіден астам гашиш,
• 66 келіден астам синтетикалық есірткі,
• 385 келіден астам қарасора өсімдіктері.

Үш ірі есірткі зертханасы жойылды. Онда 60 келіден астам синтетикалық есірткі, 700 литр прекурсор және арнайы жабдықтар тәркіленді. Сондай-ақ құрамында бес кәмелетке толмаған бала бар екі қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.

Сотқа 93 қылмыстық іс жіберіліп, 78 адам сотталды. Бұдан бөлек, 74 азамат есірткіге тәуелділіктен емдеу шараларынан өтті.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы облыс тұрғындары мен қонақтарын ынтымақтастыққа шақырады.

– Егер сізде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қандай да бір ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды сұраймыз. Бұл зұлымдықты тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана жеңіп, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, – деді полиция қызметкерлері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді