Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында өткен жылы жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Ақтөбе облысында өткен жылы жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында өткен жылы жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы Ақтөбе облысының аумағында 279 есірткі саласындағы құқық бұзушылық анықталды, оның 136-сы — қылмыс, ал 143-і – есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Жедел іс-шаралар барысында 450 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Тәркіленген есірткінің ең көп үлесін құраған марихуана болды, оның жалпы салмағы 320 келіден асты, сонымен қатар 8 келіге жуық гашиш және 9 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

2024 жылдың басында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласында жедел іс-шаралар барысында көрші облыстың тұрғынынан 10 келіден астам марихуана есірткісін тәркіледі. Сот оны қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Күзде гараж кооперативінде орналасқан синтетикалық есірткі өндірісінің жасырын зертханасы анықталды. Зертханадан 3 кг астам мефедрон алынды. Бұл іс бойынша тергеу жалғасуда.

Сонымен бірге есірткі мен психотроптық заттардың таралу арналарын, соның ішінде есірткі заттарын сату үшін пайдаланылған интернет-сайттар мен QR-кодтарды анықтау мен бұғаттау бойынша жұмыс жанданды.

Сондай-ақ қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен шамамен 2,5 кг есірткі тәркіленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді