2023 жылы Жетісу облысында заңсыз айналымнан 300 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірде есірткімен байланысты 162 құқық бұзушылық анықталып, тіркелді.
– Айта кетейік, есірткі сатудың 30-дан астам фактісі, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 23 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 11 жағдайы және есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзудың 1 фактісі тіркелген. Қылмыстық айналымнан 200 келіге жуық марихуана, 10 келіден астам гашиш, 4 келіге жуық “синтетика”, сондай-ақ 88 келіден астам қарасора тәркіленді,– дейді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.
Күш құрылымдары 17 есірткі сатушыны ұстады, жауапқа тартты. Олардың арасында 7 синтетиканы жасырып кетуші бар. Күдіктілерден барлығы 40 келіге жуық есірткі, оның ішінде синтетикадан жасалған есірткі тәркіленді. Соңғы фактілердің бірі Талдықорғанда тіркелді, онда жедел уәкілдер 23 жастағы жергілікті тұрғынды жалпы салмағы 20,05 гр болатын 30 “пирролидиновалерофенон” бумаларымен ұстады.
– Ұзақ мерзімді жедел әзірлемелер барысында 2023 жылы каннабис тобының есірткілерін таратуға маманданған үш қылмыстық топты, сондай-ақ Текелі, Үштөбе және Жаркент қалаларының аумағында “синтетиканың”таралуын жоюға мүмкіндік туды. Топтардың құрамына 10 қатысушы, олардың кейбірінің қылмыстық қызметі интернет-ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылды, – деп нақтылады есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.