Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: 2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды

ІІМ: 2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
Фото: Polisia.kz

2024 жылы ІІМ «бақыланатын жеткізу» әдісін пайдалана отырып, 21 іс-шара өткізді. Оның ішінде 19 іс-шара ішкі, ал екі іс-шара сыртқы болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасы анықталды, оның 55-і синтетикалық заттармен байланысты. 137 келіден астам синтетикалық есірткі және екі тонна прекурсор тәркіленді.

– Бұл бағытта халықаралық ынтымақтастық маңызға ие. Қырғыз Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, Жамбыл облысында екі сыртқы операция жүргізілді, бұл екі трансұлттық есірткі каналының жолын кесуге мүмкіндік берді. 16 келіден астам гашиш тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Өткен жылы барлығы сегіз мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 3 430-ы қылмыс. Қылмыстық топ құру және оны басқару бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі заттарын тұтыну үшін притон ұйымдастыру және ұстау бойынша жеті дерек анықталды. 21 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 547 кг синтетика, 2,5 кг героин, 10 тоннадан астам марихуана, 572 кг гашиш. 63 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі таратуға қатысты ақпаратты қамтитын 7400 интернет-ресурс анықталды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты