Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент қаласында 183 отбасыға арендалық пәтерлердің кілті табысталды

Шымкент қаласында 183 отбасыға арендалық пәтерлердің кілті табысталды

Шымкент қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 183 отбасыға арендалық пәтерлердің кілті табысталып, қоныс тойы тойланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала  әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын үйдің лентасын қиды.

Айтулы мереке  қарсаңында пайдалануға берілген баспаналар Асар-2 және Тұран шағын ауданында орналасқан. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Integra Construction KZ» ЖШС және «Алтын Констракшн» ЖШС мердігер мекемелері жүргізген.

Жаңа қоныстанушылар арасында көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобындағы азаматтар бар.

Елімізде құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталған. Соның ішінде әркімнің баспанамен қамтылуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы.

Айта кету керек, 2024 жылы  Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) арендалық пәтер берілуі жоспарланған.

Оның ішінде, бүгінгі таңда 597 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 136, көпбалалы отбасылар – 288, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 173) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 2023 жылдан өтпелі болған 280 арендалық пәтер биыл қоныстандырылды.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы  жылы 1 793 пәтерлік 60 көпқабатты тұрғын үйлерге (оның ішінде 2023 жылдан өтпелі 1 041 пәтерлік 42 көпқабатты тұрғын үй)  келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға Отбасы банк арқылы қолданысқа табысталды.

Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы жетпейтін азаматтарды ынталандыру мақсатында  ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 519 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек  тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізген болатын.

Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделген.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді