Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды

Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды
Фото: primeminister.kz

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында биылғы 11 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 11,6% жылдық жоспармен 13,4%-ға артып, 7,8 трлн теңгені құрағанын мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бұл өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 19,9%-ға, мал шаруашылығында 3,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген. 

«Өсімдік шаруашылығында орташа өнімділік гектарына 16,1 центнер болғанда 26,7 млн тонна астық жиналды, оның ішінде бидай – 19,8 млн тонна, күріш – 563 мың тонна. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс, 3,2 млн тонна майлы дақылдар және 300 мың тонна мақта жиналды. Мал шаруашылығында сойыс салмақта ет өндірісінің 4%-ға, сиыр сүтінің 4,4%-ға және тауық жұмыртқасының 1,2%-ға өскені байқалды», — деп нақтылады Азат Сұлтанов.

Ауыл шаруашылығында өндірістің өсуі табиғи-климаттық жағдайлардың қолайлы болуы және Үкіметтің егіс жұмыстарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету шараларын уақытында қабылдауы есебінен қамтамасыз етілді. Алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына берілетін жеңілдетілген кредит көлемі 3 есеге ұлғайтылып, жылдық таза 5%-бен рекордтық 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Осындай қаржылай қолдаудың арқасында астықтың көп мөлшерде жиналуына байланысты енгізілген минералды тыңайтқыштар көлемі 1,2 млн.тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есе жоғары болды, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 5,5%-ға дейін жеткізілді.

Аталған кезеңде тамақ өнімдерінің өндірісі 2,1%-ға артып, шамамен 3 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, келесідей импортқа тәуелді өнім түрлерінің өсімі байқалды, ірімшік пен сүзбе 8,7%-ға, шұжық өнімдері 4,1%-ға, сары май 2,9%-ға және өсімдік майы 12%-ға өсті. 

«Жылдың соңына дейін дәнді дақылдарды, майлы дақылдарды өңдеу есебінен және қант өндіру есебінен осы салада жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Саланың даму қарқынының төмендеуіне жол бермеу мақсатында келесі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі 200 млрд теңгеге жеткізілетін болады. 1,9 млн тонна минералды тыңайтқыштарды енгізу және элиталық тұқымдар үлесін 10,5%-ға ұлғайту жоспарлануда», — деп толықтырды вице-министр.

Оның айтуынша, 1 желтоқсанға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі 79%-ды құрады. Жыл соңына дейін қаражат толық игерілетін болады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді