Алатау ауданында 2024 жылы жүзеге асырылған жаңа инфрақұрылым нысандарына арналған баспасөз туры өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі Талғат Малыбаев қол жеткізілген жетістіктерін көрсетті: Қарасу шағын ауданында заманауи суару жүйесі, шағын сәулет пішіндер (ШСП) мен жасыл желекпен жабдықталған 11 га жаңа сквер салынды. Алғабас шағын ауданында ұзындығы 47,5 шақырым болатын су құбырының құрылысы аяқталып, 4 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Жобаны қала әкімі Ерболат Досаев қадағалады. Зерделі шағын ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) ашылды. Ол күн сайын 400-ге дейін бала қабылдап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген. Ұзындығы 53,7 шақырым болатын 72 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 30 мың шаршы метр аумақтағы шұңқырлар қалпына келтірілді. Сондай-ақ, ұзындығы 0,55 шақырым жаңа жолдар салынды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы Алматы тұрғындарының жайлы өмір сүру деңгейін арттыруды жалғастыруда.13-12-2024, 12:46
Алғабаста 4 мың тұрғынға арналған сумен жабдықтау құрылысы аяқталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз