Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мешіттегі ұрлық әшкереленді

Астанада мешіттегі ұрлық әшкереленді
Фото: Polisia.kz

Астанада мешіттегі ұрлық әшкереленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында мешіттердің бірінде тіркелген ұрлық фактісі бойынша полицияға шағым түсті. Жергілікті тұрғын өзінің қымбат тонының ұрланғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мұқият зерделеп, күдіктіні анықтады. «Қылмысты тоқтату» жедел-алдын алу шарасының аясында 22 жастағы азамат «Iceberg» қымбат тонын ұрлады деген күдікке ілікті.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті мешітке жамағаттың кейпін жамылып, намазға жығылуға кеткен азаматтың күртесін киіп, еш қиындықсыз сыртқа шығып кеткен. Осылайша ол қала тұрғынына 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Полиция қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде күдікті қылмысын мойындап, ұрланған киімді иесіне қайтарып берді. Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас тағы екі қылмысқа қатыстылығы анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады