Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент полицейлері мешітте болған ұрлық қылмысының бетін ашты

Шымкент полицейлері мешітте болған ұрлық қылмысының бетін ашты
Фото: бейнескриншот

Шымкент полицейлері мешітте болған ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ұрлық туралы арызы бойынша тергеуді бастады.

Ер адамның айтуынша, қаладағы орталық мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның ілгіште тұрған құны 800 мың болатын теңге болатын сырт киімін ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, күдіктіні жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті.

Оқиға болған жердегі бейнекамераларды тексеру кезінде күртешені киіп, “ізін суытуға” асыққан жігіт көзге түсті. Полицейлер оның жеке басын анықтап, қала аумағында жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қымбат күртеше иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді