Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған ұрыны анықтады

Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған ұрыны анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz polisia.kz сайтына сілтеп.

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлықты ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам анықталды.

Тергеу барысында күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке келіп, намаз кезінде залдың ең соңғы қатарында орналасқаны анықталды. Терезенің алдында жатқан күртешелер оның көзіне түскен.

Жиналғандардың байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешелердің бірін алып, қалталарын тексере бастаған. Әмиянды қалтадан тауып алған ол, ішінен 600 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақшаны алып шыққан. Әмиянды күртешеге қайта салып, мешіттен шығып кеткен.

"Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген полиция мәлімдемесінде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді