Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында дәмханаға ұрлыққа түскен азамат “ізін суытпай” ұсталды

Түркістан облысында дәмханаға ұрлыққа түскен азамат “ізін суытпай” ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында дәмханаға ұрлыққа түскен азамат “ізін суытпай” ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық қылмысы бойынша шағым түсірді. Ер адам арызында түнгі уақытта белгісіз біреу оның дәмханасына заңсыз кіріп, ішінен қажетті мүліктерді ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 600 мың теңгеден астам.

Оқиға орнына келген аудандық полицейлер күдіктіні ұстауға қажетті барлық шараларды жасады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен ізін суытпай 43 жастағы күдікті ер адамды ұстады.

Анықталғандай, ол бұрын сотты болған жұмыссыз тұрғын екені белгілі болды. Тергеу барысында күдікті ер адам түнгі уақытта дәмхананың есігін темірмен бұзып, ішіндегі теледидар, шансорғыш және бағалы заттарды жымқырып, үйіне тығып қойған. Осылайша қолды қылған мүліктерді сатып жібермек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында ол ойы жүзеге аспады.

Тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен ұрланған мүліктерді тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады