Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2027 жылға дейін елордада 177 мың орындық 65 мектеп пайдалануға беріледі

2027 жылға дейін елордада 177 мың орындық 65 мектеп пайдалануға беріледі
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе, сапалы білім беру қызметінің қолжетімділігі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, үш ауысымда оқытатын мектептерді жою, қалада жаңа білім ошақтарын салу, жақын қашықтықта балабақшалар желісін кеңейту және педагог кадрларын даярлау мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін биылдың өзінде елордада 11 мектептің, соның ішінде Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 13 600 орындық 10 мектептің құрылысы басталды. 2023-2026 жылдар аралығында екі ауысымда оқытатын барлығы 177 мың орынға арналған мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.


«Өскелең ұрпақтың қауіпсіз және жайлы ортада жан-жақты дамуын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Министрлік өз тарапынан негізгі мәселелерді шешу барысында Астана әкімдігіне қолдау көрсетуге дайын. Білім беру инфрақұрылымын дамытумен қатар жоғары білікті кадрларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп келеміз», – деді Ғани Бейсембаев.


Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі елордадағы бірқатар мектептерді, соның ішінде үш ауысымда оқытатын білім ошақтарын жеке өзі тексерген болатын. Ата-аналар қауымымен кездесулер өткізіп, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тегін тамақтандыру мен балалар үшін жайлы жағдай ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Елордада барлығы 171 мектеп бар, онда 260 мыңнан астам бала оқиды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды