Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2023 жылдың соңына дейін 37 инклюзияны қолдау кабинеті ашылады

2023 жылдың соңына дейін 37 инклюзияны қолдау кабинеті ашылады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Биыл елімізде инклюзияны қолдау бойынша бес кабинет ашылды. Жыл соңына дейін тағы 37 кабинет, ал 2027 жылға дейін 200 кабинет ашу жоспарлануда. Елімізде барлығы 646 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс жасайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалған мектептердің үлесі 80 пайызды құрайды. Мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар 126 мың баланың 65 пайызы мектепте инклюзивті білім берумен қамтылған. Қалған балалар арнайы сыныптарда, арнайы мектеп-интернаттарда және үйден оқиды», - деп атап өтті Орта білім комитетінің инклюзивті білім беру бөлімінің бас сарапшысы Алмас Құпаев.

Айта кету керек, өңірлерде инклюзияны қолдау кабинеттерінің желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылға дейін 34 ПМПК, 26 ППТК ашу жоспарлануда. Биылдың өзінде 3 ПМПК және 2 ППТК ашылды. Бүгінде министрлікте жалпы білім беретін мектептерде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға штаттық жеке көмекшіні енгізу мәселесі қарастырылуда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады